Дайындау тәсілі
Алдымен суды қайнатып, оған тұз қосыңыз. Спагеттиді қаптамада көрсетілген уақытқа сәйкес аль денте күйіне дейін пісіріңіз.
Табаға май құйып қыздырыңыз. Ұсақталған сарымсақты салып, жеңіл ғана қуырыңыз. Оның күйіп кетпеуін қадағалаңыз, әйтпесе ащы дәм береді.
Содан кейін кептірілген шөптерді, қантты және «Цин-Каз» томат пастасын қосып, тағы 1–2 минут қуырыңыз.
Біртіндеп су құйып, араластыра отырып тұздықты қажетті қоюлыққа дейін жеткізіңіз. Қайнатып, бірнеше минут баяу отта пісіріңіз. Соңында паприка мен тұзды дәміне қарай қосыңыз.
Дайын болған, аздап қатқылдау пісірілген спагеттиді тұздыққа салып, жақсылап араластырыңыз. Қажет болса, аздап макарон піскен судан қосуға болады.
Ұсыну
Спагеттиді ыстық күйінде ұсыныңыз. Қалауыңызша үстіне үгітілген қатты ірімшік, жаңа піскен насыбайгүл немесе ақжелкен сеуіп беруге болады.
Ас дәмді болсын!