«Цин-Каз» ЖШС — Қазақстан Республикасының ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорындарының бірі
Бұл өз табысына іс жүзінде нөлден бастап қадам басқан кәсіпорын үшін аз уақыт емес. Компанияның өсуі өндірісті үздіксіз жетілдіруге және өнімнің жоғары сапасына сүйенуімен негізделген. Бұл «Цин-Каз» компаниясына өз саласында тек Қазақстанда ғана емес (өнім елдің барлық дерлік аймақтарына жеткізіледі), сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одақ аумағында және одан тыс жерлерде де өзін сенімді сезінуге мүмкіндік берді. Компания Ресейге де (Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Барнаул, Челябинск, Магнитогорск, Калининград, Белгород, Саратов облысы, Пенза, Ульяновск) тұрақты экспорттық жеткізілімдерді жолға қойды.
1998 жылы құрылған күннен бастап «Цин-Каз» компаниясы үлкен әрі жеңіл емес жолдан өтті. Жаңа өндіріске жобалық қуаттылығы тәулігіне 25 тоннаға дейінгі томат өнімдерін құю және бөлшектеп орау бойынша әмбебап технологиялық желінің ашылуы бастау берді. Сәтті даму үшін компания ең басынан бастап заманауи жабдықтарды сатып алуға ірі инвестициялар салды. Қазіргі уақытта кәсіпорынның активін озық өндірістік қуаттар құрайды, «Цин-Каз» өз технологиялық желілерін автоматтандыру мен модернизациялауды үздіксіз жүргізіп, межелеген биіктерге қадам сайын жақындап келеді.
Ең заманауи деңгейде жұмыс істеу — «Цин-Каз» ЖШС-нің басты мақсаты! Ал бұл үшін тек сапалы өнім ғана емес, сонымен бірге тауардың тартымды сыртқы келбеті де қажет. Дәл сораздан өнімдер әртүрлі орау түрлеріне құйылады: дәстүрлі — әйнек пен қаңылтыр банкілер және заманауи жаңа орау түрлері — пластикалық бөтелкелер мен ламинатталған дой-пак пакеттері.
Компанияда кәсіпорынның заманауи сапа менеджменті жүйесі қалыптасқан. Стандарттарды қатаң сақтау және өнімнің жоғары сапасы кәсіпорынға табыс алып келді. Керемет дәмді әртүрлі елдердің сатып алушылары бағалады — тапсырыстар жыл сайын өсіп келеді.