Қазақстандағы жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табыламыз
Кәсіпорын 1998 жылы құрылған. Тәулігіне 25 тоннаға дейінгі жобалық қуаттылығы бар томат өнімдерін құю және бөлшектеп орау бойынша әмбебап технологиялық желі ашылды. Өндірісті дамыту үшін заманауи жабдықтар сатып алуға бағытталған шетелдік инвестициялар тартылды.
Кәсіпорын томат пастасы мен кетчуптар өндіруге маманданған. Шығарылатын өнім Қазақстан Республикасының 42 аймағына жөнелтіледі. Сату көлемі орта есеппен айына 500 тоннадан асады.
Томат пастасы мен кетчуптарды өндіру үшін жоғары сапалы томат концентраты (Brix 36-38%) қолданылады. Томат соустарын, маринадтар мен тосаптарды өндіру үшін жаңа піскен көкөністер мен жидектер пайдаланылады. Барлық өнім бекітілген меншікті рецептуралар бойынша дайындалады.
2009 жылы Кәсіпорын ISO 22000:2005 халықаралық стандартына сәйкес тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесін (ТӨҚМЖ) енгізді. Бұл жоба Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бүкіл республика бойынша басқа 6 компаниямен қатар, «Цин-Каз» ЖШС грант алу жеңімпазы атанды. Жүйені сертификаттауды «РУССКИЙ РЕГИСТР» сертификаттау қауымдастығы жүргізді.